Қарағандыда қоқыс жәшігінен бір айлық бала табылды

04.04.2020 15:23

Полиция нәрестенің анасын іздестіріп жатыр

polisia.kz

Қарағандыда қоқыс жәшігінен бір айлық нәресте табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тәртіп сақшылары сәбидің анасын іздестіріп жатыр. Нәресте 3 сәуірде Қарағанды қаласының Октябрь ауданындағы үйлердің жанындағы қоқыс жәшігінен табылды. Дәрігерлердің айтуынша, бала шамамен 1 айлық», - делінген хабарламада.

Сәбиді жедел жәрдем бригадасы тексеріп, медициналық мекемеге орналастырылды. Нәрестеде дене жарақаттары жоқ.