|
29.07.2019 | 10:24
3894

Шымкент зообағында жас жігіт жирафқа мініп алды (видео)

Бұл оқиғадан кейін зообақ әкімшілігі полицияға арыз берген

Шымкент зообағында жас жігіт жирафқа мініп алды (видео) Sputnik

Шымкент қаласындағы зообаққа келген жас жігіт жирафқа мініп алды.

Тәртіп бұзушының бұл әрекеті видеоға түсіп қалған. Жас жігіт зообаққа қыздармен бірге келіп, экзотикалық жануарды сынап көргісі келіпті, деп жазды Sputnik.

Тыйым салынғанына қарамастан ол момын жануарды өзіне шақырып, үш метрлік дуалға шықты да, жирафқа мініп алды.

«Шабандоздың» видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Осыған орай Шымкент зообағы жасаған мәлімдемеге сүйенсек, оқиға 27 шілде сенбі күні болыпты.

«Бәлкім, жігіт пен қасындағы қыздар мас болған шығар. Бұл адам зообақ аумағында жүру ережесін бұзды. Ол жайында мекеменің радио желісі әр 15 минут сайын хабарлап отырады», – деп атап өтті зообақ басшылығы.

Зообақ әкімшілігі тәртіпбұзушыны жауапкершілікке тарту үшін полицияға арыз берді.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир