Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 137 шақырым қашықтықта болған
Бүгін таңертең сағат 06-дан 49 минут кеткенде Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 137 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында болған. Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының Сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше энергетикалық класы - 10,9, магнитудасы - 5.1, ал шкала бойынша біздің шаһарда 2 балл тіркелген. Бүлінген нысандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.