Қытайда коронавирустан тағы 57 адам көз жұмды

03.02.2020 15:25

Ал, 150-ге тарта адам сауығуына байланысты ауруханадан шығарылған

Yandex.ru

Бұл тек өткен тәулікте қайтыс болғандар. Кеше аталған дертті жұқтырған 3 мыңға жуық адам тіркеліпті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қытай халық республикасының денсаулық істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің дерегі бойынша, 186 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланған. Ал, 150-ге тарта адам сауығуына байланысты ауруханадан шығарылған. Жексенбіде түнге қарай Сянган, Аомэнь және Тайваньда коронавирусты жұқтырған 33 жағдай тіркеліпті.

Еске салайын, бұған дейін Қазақстан Қытайға гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екені хабарланған болатын.