Екібастұзда кішкентай бала 4-қабаттан құлап кетті

25.05.2022 15:26

Балаға ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде жатыр

Екібастұзда төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Қазір нәресте жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады Almaty.tv Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға сейсенбі сағат 13.45-те Абай көшесіндегі үйде болған. 2017 жылы туған бала ауруханаға жеткізілді.

"Баланың жағдайы тұрақты ауыр, операциядан кейінгі кезең қалыпты өтіп жатыр. Дәрігерлер баланың көкбауырын алып тастады. Кішкентай пациент есін біледі. Ем реанимация жағдайында жалғасып жатыр", – деп нақтылады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Sputnik.kz мәліметінші, бұған дейін Павлодарда бір жасар қыз тоғызыншы қабат терезесінен құлап, дүкеннің күнқағарына түскен болатын. Алайда кейін ауруханада көз жұмды.