Марқұм 63 жаста болған
Оралда тергеу изоляторында отырған ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
«Мой город» порталының жазуынша, марқұм 63 жаста болған. Ол қамау камерасында болған.
«Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша айып тағылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Өлімнің алдын ала себебі – ми қан тамырларының атеросклерозы», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.