Кеше түсте мектепке кеткен оқушылардың денесі бүгін «Теректі» шағынауданы маңындағы су қоймасынан табылған
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мұз айдынында қаза болған оқушылардың отбасыларына қайғыра көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кеше түскі уақытта Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиев есімді үш жеткіншек мектепке шығып, содан үйлеріне оралмаған. Үшеуі де «Алғабас» шағынауданындағы №184 мектепте оқиды. Олардың үстінде мектеп формасы мен рюкзактары болған. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бүгін таңертең балалардың денесі «Теректі» шағынауданы маңындағы су қоймасынан табылды. Жеткіншектерді іздеуге қалалық полиция департаментінің қызметкерлері мен төтеншеліктер кіріскен. Сондай-ақ еріктілер де жұмыла жұмыс істепті. Қазір бұл оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталып кеткен. Ал қала басшысы Бақытжан Сағынтаев оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы топ құруды тапсырып, жағдайды бақылауына алатынын мәлімдеді.