Екеуі де өмірге қауіп төндіретін ауыр дене жарақаттарын алған
Оралда 24 жастағы жігіт 1989 жылғы әйел адамға пышақ салып, артынша өзіне қол жұмсаған. Қазір ауыр жарақат алған екеуі де ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға 26 сәуір күні сағат таңғы 10.00 шамасында болған.
24 жастағы қала тұрғыны 30 жастағы әйел адамға пышақ жарақаттарын салыпты. Куәгерлер кейіннен жігіттің де өзіне қол салмақ болғанын алға тартты.
Аталған оқиға бойынша Абай полиция бөлімі ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес (қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысының айтуынша, екеуі де ауыр дене жарақатын алған.
«Жағдайлары ауыр, облыстық көпбейінді ауруханада жатыр, ота жасалды», - деді Айнагүл Сақпосынова.