Қазақстандағы ірі жылу электр станциясына 33 млрд теңге айыппұл салынды
© Sputnik / Юрий Куйдин
Қазір ГРЭС-1-де бірінші энергоблокты қалпына келтіру және жаңғырту жұмысы жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Павлодар облысының экология департаменті бірінші жартыжылдыққа Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС-ға қатысты жоспарлы тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Экология министрлігінің мәліметінше, тексеріс барысында экология заңнамасының бұзылғаны анықталды. Дәлірек айтқанда, парниктік газдар шамадан тыс шығарылған.
Парниктік газдар шығарындыларына квота саудасының қолданыстағы жүйесі аясында кәсіпорын өтемеген квота көлемі 2 млн тоннадан астам СО2 құрады.
Заңға сәйкес, кәсіпорын экологиялық заңнамада белгіленген мерзімде нарықта квоталар сатып алу арқылы жетіспейтін квота көлемін жабуға тиіс.
ГРЭС-1-ке қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, 33 301 625 мың теңге айыппұл салынды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25