Қостанайда 6 жасар бала құдыққа құлап кетті

30.12.2019 15:27

Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалған

inform.kz

Қостанай қаласында 2013 жылы туған бала беті ашық қалған құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы факт бойынша облыстық Полиция департаменті баспасөз хатшысы Ирина Беженарь жауап берді.

Оның айтуынша, қазір қылмыстық іс қозғалған.

«26 желтоқсан күні Қостанай қаласының полиция басқармасыа 39 жастағы облыс тұрғыны жүгінді. Ол 2013 жылы туған баласының ашық құдыққа құлап кеткенін айтып, арыз жазған. Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 279 бабы, 1- тармағымен (сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы стандарттардың ережелерін немесе талаптарын бұзу) қылмыстық іс тіркелді», - деді Ирина Беженарь.