Алматыда троллейбус қағып кеткен ер адам көз жұмды

06.01.2020 15:27

Жүргізушінің қан қысымы көтеріліп, рөлге ие бола алмай қалған

Sputnik

Алматыда троллейбус жол жиегіндегі жүргіншіні қағып, қаңтарылып тұрған көліктерге соғысқан. Салдарынан, жүргінші тілге келмей, сол арада жан тапсырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Зақым келген көліктердің бірі мерт болған азаматқа тиесілі екен. №12 бағыттағы троллейбус түнгі 11 жарымдар шамасында Сәтпаев көшесімен шығысқа қарай бет алыпты. «Алматыэлектротранс» өкілдерінің айтуынша, қоғамдық көліктің жүргізушісінің кенет қан қысымы көтеріліп, рөлге ие бола алмаған. Ал зардап шеккен азаматтың отбасына өтемақы төленеді. Қазір тергеу басталды.