Жарылысты ауыздықтауға Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 52 адамы мен 12 өрт техникасы жұмылдырылған
Бүгін таңғы сағат 9.20-да Арыс қаласында жарылыс басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Өрт сөндіру қызметінің пультіне Арыс қаласындағы №44/856 әскери бөлім аумағындағы қоймада жарылыс болып, артынша өрт шыққаны жайлы хабар түскен.
Жарылыс болған жерге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 52 адамы мен 12 өрт техникасы, сондай-ақ Шымкенттен 4 техника, жеке құрамның 23 адамы мен 1 кинологиялық топ жұмылған.
Қазіргі уақытта өрт сөндіру және адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүріп жатыр.