Күдік туғызбау үшін оның өзі полицияға хабарласып, 5 жасар қызының жоғалып кеткенін хабарлаған
Өгей әкесі 5 жасар қызын өлтіріп тастаған. Осындай сұмдық әрекетке ол баласы өзін тыңдамағаны үшін барған. Оқиға 12 қарашада Қырымда болған, тұтқындалған ер адам полицейлерге қыздың мүрдесін қайда көміп тастағанын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ntv.ru арнасына сілтеме жасап.
Өгей қызын өлтірді деген күдікке ілінген ер адам 5 жасар қызын буындырып өлтіріп, артынша денесін үйден алып шығып, көліктің артқы орындығына жатқызыпты. Бұл кезде көліктің алдыңғы орындығында оның кіші ұлы отырыпты. Ер адам қыздың мүрдесін көміп тастап, артынша туған ұлымен бірге Украинаға қашып кетпек болған. Алайда олар шекарадан өте алмады.
13 қарашада ер адам полицияға хабарласып, 5 жасар қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Алайда қызды іздестіру жұмыстары нәтиже бермегеннен кейін, полиция өгей әкенің өзін күдікті ретінде ұстады. Бүгінгі таңда ол тұтқындалды.
БАҚ мәліметінше, күдіктінің мұндай әрекетіне өгей қызының өзін тыңдамауы және әкем деп қабылдамағаны себеп болыпты.