Тікұшақ апатынан қаза болған ұшқыштың кім екені анықталды

18.01.2019 15:27

Алматыда тікұшақтың құлауына тұман себеп болуы мүмкін - Маман Алматыда шипажай аумағына құлаған тікұшақта Валентин Шитов болғаны анықталды, ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық агенттігі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың 17 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 15.59-да Sky-service әуекомпаниясына тиесілі «Еврокоптер-130» тікұшағы құлады. Ол Боралдай әуежайынан шығып Үлкен Алматы көліне ұшып бара жатқан кезде құлады. Бортта тек ұшқыш болған - Шитов Валентин Викторович, оны анықтаған кезде тірі болатын. Бірақ ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды», - деп хабарлады комитеттегілер.

Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлады

ҚР ИДМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің өкілдері тергеу бастады.