Қызылорда қаласында жеке үй өртеніп, бір жастағы сәби көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға бүгін, 18 ақпанда сағат 00:50 шамасында болды. Облыс орталығындағы Кызылжара шағын ауданы аумағында тұрғын үйде өрт шыққан.
«Өрт орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 4 техникамен 16 қызметкер барды. Жалынға оранған үй ішінен әйел мен төрт қызы шығып үлгерген. Жалын 01:23-те толығымен сөндірілді. Үйден 2019 жылы дүниеге келген шарананың мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі тексеріліп жатыр», – деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада шағын автобус өртеніп кетті.