Ғимарат қаладағы Сайран көлінің маңында орналасқан
Алматыдағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Бұл туралы ақпаратты жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде таратыпты, деп хабарлайды Stan.kz.
Шақалақтың денесі Алмалы ауданындағы бос тұрған ғимараттың ішінен табылған. Қала тұрғыны Андрей Андреевтің айтуынша, сәбидің денесі табылған ғимарат қаладағы Сайран көлінің маңында орналасқан.
"Нәрестенің денесін егеуқұйрықтар кеміріп тастапты", - деп жазыпты әлеуметтік желі қолданушылары.
Қалалық Полиция департаменттігі ақпаратты растады.
Қазіргі таңда оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кетті.