Өскеменде өртенген монша ішінен ер адамның мәйіті табылды

17.02.2020 15:29

Ал сыртқа шығып үлгерген әйелдің бетін күйік шалған

www.inform.kz/kz/

Өскемен қаласында монша өртеніп, бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 ақпан күні сағат 17.00 шамасында Кожедуба көшесіндегі жеке тұрғын үйдің моншасында өрт шыққан.

«Қызыл жалынды ауыздықтауға төрт техника жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 18 шаршы метрді құраған. Өрт сөндірушілер монша ішінен 1976 жылғы ер адамның мәйітін тапты. Ал сыртқа шығып үлгерген 1981 жылғы әйелдің беті күйіп қалған. Ол бірден облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілді», - делінген ведомство мәліметінде.


Теги: Өскемен