Академик Өмiрзақ Айтбаев өмірден озды

09.01.2020 15:29

Ғалым саналы ғұмырын қазақ тіліне арнаған

nur.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор әрі Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев дүниеден озды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Өмірін қазақ тіліне арнаған арда азамат 1936 жылы 5 сәуірде Түркістан облысы Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауылында дүние келген. Ғалымның ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары: қазақ терминологиясының практикалық мəселелеріне арналған. Сонымен қатар, талай күрделі ғылыми тақырыптарға жетекшілік еткен. Өмірзақ Айтбаевтің сазгерлігін танытатын «Жар сəлемі», «Жас ойшыл», «Ана тілі», «Тіл өнері дертпен тең», «Ақ қоян», «Өренім» атты əндері жұртшылыққа мəлім.