Қарасай ауданы Елтай ауылдық округі Көлащы ауылында алты адам белгісіз заттан уланған, оның бесеуі қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы облыстық ТЖД оқиғаның 4 мамырда сағат 16:04-те болғанын мәлім етті.
«Алматы облыстық ТЖД кезекші бөліміне Қарасай ауданы Елтай ауылдық округі Көлащы ауылында жеке үйде алты адамның (2 ересек пен 4 бала) белгісіз заттан уланғаны туралы хабар түскен.
1984 жылғы ер адам (әкесі) және төрт баласы (2010 жылғы қыз және 2008, 2013, 2018 жылғы ұлдар) қаза тапты. 1985 жылғы әйел (анасы) Шамалған ауылындағы Қарасай көпбейінді ауданаралық ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, онымен психологтер жұмыс істеп жатыр», - деді өңірлік ТЖД баспасөз қызметінен.
Алдын ала себебі – белгісіз затпен улану. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ТЖ қызметкерлері, газ қызметі мен СЭС жіберілді. Жиналған материал Қарасай аудандық ПБ берілді.