Бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді
Жол көлік оқиғасы барысында машина ішінде болған 21-жасар азаматша алған дене жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмса, жүргізуші мен тағы да екі жолаушы Теміртау қалалық орталық ауруханасында жан тапсырды. Сонымен қатар тағы бір 21-жасар жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған.
«Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, терегеу амалдары жүргізілуде», – Қарағанды облысының ПД баспасөз хатшысы Жаңатай СЕМБЕКОВ.