Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде
Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметкері, полиция майоры Дариға Мәжитованың мәлім еткеніндей, оқиға 7 мамыр күні шамамен сағат 19.15-те болды.
«Жалпақтал-Чапаев автожолының 115-шақырымында «Лексус» автокөлігі аударылып қалды. Жол апаты салдарынан 1986 жылғы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Автокөлікте отырған жолаушы, болжам бойынша жүргізушінің әйелі Жалпақтал ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылды. Түнде Орал қаласында тұрған 1990 жылғы жолаушы әйел көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», - деді Д.Мәжитова.