Сотқа дейінгі тергеу басталды
Семей қаласының маңында тоғыз жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 28 қазан күні кешке болған.
«Volkswagen көлігінің 21 жастағы жүргізушісі жолға шығып кеткен 2012 жылы туған баланы қағып кетті. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды»,- деп хабарлады полиция.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталып, УҰИ -ға қамауға алынды.