Бішкек тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

25.04.2023 15:32

Оқиға 24 сәуірде таңғы сағат 09:20-да болған

Алматы іргесіндегі Бішкек тасжолында жол апатына түскен көлік екіге бөлініп қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видео пайда болды.

"Қалаға қарай, Әйтей ауылы маңында жантүршігерлік апат", - делінген видео сипаттамасында.

Алматы облысының полицейлері жол апатының мән-жайын айтты. Жол апаты 24 сәуірде таңғы сағат 09:20-да болған. Жүргізуші аман қалды, бірақ жансақтау бөлімінде жатыр.

"Алматы-Бішкек тасжолымен келе жатқан Mercedes көлігінің 61 жастағы жүргізушісі 33-шақырымда рөлді басқара алмай, ағашқа соғылды. Жол апаты салдарынан Mercedes көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол Қаскелең қаласының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді", - деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.