Ертіс өзенінде 4 адам мінген қайық аударылып кетті

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Олар өз бетінше жағаға жете алмағандықтан құтқарушылар шақырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар Ертіс өзенінің жағасынан алыс кеткен ер адамдарға көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

3 мамырда сағат 18:44-те Өскеменде Ертіс өзенінде серуендеу кезінде моторлы қайық аударылып түсті. Судан 4 ер адам шықты. Олар өз бетінше жағаға жете алмағандықтан құтқарушылар шақырылды. Оқиға орнына жеткен ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қайықпен ер адамдарды жағаға жеткізіп, оларды қарауға Апаттар медицинасы орталығы мамандарына тапсырады. 

Артынша құтқарушылар қайық иесіне қайықты судан жағаға шығаруға көмек көрсетті. Құтқарылғандар өздері тұратын Прапорщиково ауылына жүзіп кетті. ШҚО ТЖД су қоймаларында барлық ережелерді ұстану қажеттігін еске салады. 

«Кез келген суда жүзу құралында құтқару күртешесі болуы керек. Өзенге түсер алдында алдын ала жүзетін жолыңызды белгілеп алыңыз. Қайыққа көп адам отырғызбаңыз. Ешқандай жағдайда спирттік ішімдіктер ішпеңіз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз»,- делінген ескертпеде.

Новости партнеров