Өрттің аумағы 20 шаршы метрді қамтыды
Оралда «Ақжол» жабық базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 27 мамыр күні Құрманғазы көшесі, 208/2 мекенжайында болған.
«Таңғы сағат 05:00-де орталық базардың ішінде орналасқан «Ақжол» жабық базарында азық-түлік өнімдерін сататын 3 бутик отқа оранды. Өрттің аумағы 20 шаршы метрді қамтыды. «Тілсіз жау» сағат 05:25-те оқшауланып, 05:43-те толықтай ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», – деп хабарлады ведомстводан.