Павлодарда жол апатынан жас жігіт көз жұмды

21.11.2022 15:32

Ер адам ауыр жарақат алған

Павлодарда жол апатынан жас жігіт көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы Сәтбаев көшесінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту сағат 04:14-те түскен.

Жедел жәрдем көлігі алты минутта жеткен. Оқиға орнында 30 жастағы жігіттің қайтыс болғаны анықталды.

Ер адам ауыр жарақат алған.