Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған екі бірдей күдікті ұсталды

18.02.2020 19:39

Олар республика бойынша адамдар көп шоғырланатын жерлерде жарылыс жасамақ болған

КНБ РК

Деструктивті діни ағымын ұстанатындарды 14 ақпан күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері құрықтап, сот санкциясымен қамауға алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың мекенжайларында тінту жүргізу кезінде қолдан жасалған жарылғыш заттар, оны дайындауға қажетті құрамдас бөліктер, сондай-ақ суық қару мен шабуылдау нысандарының фото және бейне түсірілімдері сақталған смартфондар тәрікіленді. Тергеу материалдары бойынша, қамауға алынғандар республика аумағында, соның ішінде адамдар көп шоғырланған орындарда террористік актілер дайындаған. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.