Орынсыз қалжың үшін 10 тәулік: Алматыда 23 жастағы пранкер қамалды

15.03.2020 15:33

Ол метрода жолаушыларды өтірік жөтеліп шошытқан

стоп-кадр из видео

Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді. Жұртты әжуалаған оның әрекетін әлеуметтік желіге мониторинг жасаған тәртіп сақшылары анықтапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Қалалық полиция департаменті онсызда әлемдегі қиын жағдайды пайдаланып, атын шығарғысы келген жігіттің әрекетін құптамайды. Олар хайп қуған пранкер этикалық нормадан аттады деп отыр. Сәтсіз қалжыңы үшін қылжақбас жігіт бірден қамауға алынған. Ол сот процессі басталар алдында халықтан кешірім сұрады.