|
Jol
22.01.2019 | 10:33
3065

Қызылордада ерлі-зайыпты мен олардың баласы өз үйлерінде өлі табылды

Қызылордада ерлі-зайыпты мен олардың баласы өз үйлерінде өлі табылды

Айуандықпен жасалған қанды оқиғаны сол үйдегі 76 жастағы науқас әжей мен 2 жасар бала көрген.

Қызылорда облысында бір отбасының үш адамы өз үйлерінде пышақталды. Күйеуі мен әйелі және олардың мектеп жасындағы балалары қан-жоса күйінде жатқан. Жан түршігерлік жағдайды осы отбасының ағайыны бірінші болып көрген, деп жазды kyn.kz.

«Ақмарал менімен бірге жұмыс істейтін. Сол күні жұмысқа келмей қалды. Себебін білу үшін үйіне барған едім. Есікті ашқаным сол еді, табалдырықта үшеуінің өліп жатқанын көрдім. Ақмаралдың 76 жастағы анасы мен олардың 2 жасар балалары от жағып, сол маңда ештеңе болмағандай отыр екен. Апа баяғыдан психикалық аурумен ауырады, ол оқиға жайлы ауыз ашпай отыр», - дейді марқұмдардың туысы.

Қорқынышты жағдайдан дүрліккен ауыл тұрғындары  болған жағдайға өздерінше болжам жасай бастаған. Көпшілік отағасы бірінші әйелі мен баласын өлтіріп, кейіннен өзіне қол салды деп болжауда.

«Мен оқиға дәл осылай өрбіді деп айта алмаймын. Себебі, інім әйелін, туған баласын өлтіретіндей қаныпезер емес еді», - дейді марқұмның туысқан.

Қазірше құпия өлімнің себебі мен оны кімнің жасағанына байланысты ешқандай мәлімет жоқ. Жергілікті полиция да ештеңе айтпай отыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир