Қарағанды облысында анасы бауыздап өлтірді деген үш жасар қызға қатысты тың дерек шықты

04.12.2019 16:33

Араққа жақын әйелге үш жасар бүлдіршінді көршісі аманаттап қалдырған екен

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында 3 жасар қызды көршісі пышақтап өлтіргені анықталды. Полицияға баланың қазасы туралы жергілікті тұрғын хабарлаған. Тәртіп сақшылары 34 жастағы әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның пәтерінен үш жасар баланың пышақталған денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша сол күні қыз баланы танысының үйіне 40-жастағы анасы уақытша тастап кеткен.

«Мәйітті тапқан кезде пәтерде 34-жастағы үй иесі мен масаң күйдегі оның азаматтық некедегі 43-жастағы жұбайы болған. Тергеу барысында баланың мәйіті табылған үйдің 34-жастағы иесі қамауға алынды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, осы істің негізінде оқиғаның толық мән жайы анықталатын болады. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді Қарағанды облысының ПД ресми өкілі Жанатай СЕМБЕКОВ.