Полиция қызметкерлері тексеру барысында жеңіл жүрісті алты қызды анықтады
Түркістан облысы полицейлері жеңгетайлық пен притон ұйымдастыру жайтын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
4 сәуір күні Түркістан облысының Полиция департаментіне облыс орталығының моншаларының бірінде жеңгетайлық үшін притон ұйымдастырылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы (жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық ПД криминалдық Полиция басқармасының қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздардың қызмет көрсетуін ұйымдастырып, үстінен сыйақы алып, жеңгетайлықпен айналысқан мекеменің иесін анықтады. Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер оқиға орнынан ақша тәркіледі. Полиция қызметкерлері тексеру барысында жеңіл жүрісті алты қызды анықтады. Олар Өзбекстан азаматшалары екені белгілі болып, Түркістан қаласының азаматтарды қабылдап тарату орнына қамауға алынды.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша (жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қолхатта. Тәртіп сақшылары қазіргі таңда істің толық мән-жайын анықтап жатыр.