Нұр-Сұлтанда Үндістаннан келген жұмысшылар төбелес шығарды

28.10.2019 23:42

Спирттік ішімдік ішкен олар өзара жанжалдасып, 3 адам дене жарақатын алған

Қалалық полиция департаментінің Жедел басқарма орталығына салынып жатқан жатақхана маңында шетелдік жұмысшылардың қан-жоса жұдырықтасып жатқаны жайлы хабарлама келіп түскен Полицейлер Үндістандық азаматтардың алкогольдік ішімдік ішіп, нәтижесінде үшеуі түрлі дене жарақаттарын алғанын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Есіл аудандық полиция басқармасына осы төбелесте болған барлығы 8 шетелдік жұмысшы жеткізілген.

«Осы дерек бойынша қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп, тексеру жүргізіліп жатыр. Бұзақылық бабы бойынша қарастырылуда. Барлық мән-жай анықталып жатыр. Сот шешімімен депортация жасалады», - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы София ҚЫЛЫШБЕКОВА.