Жетісу облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды

14.04.2023 19:06

Өлімге әкеп соқтарған апатының мән-жайы анықталып жатыр

Polisia.kz

Жетісу облысында жол-көлік апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Ескелді ауданында болған.


«Сағат 21:30 шамасында Қарабұлақ- Көксу-Қайнарлы тас жолының 32-шақырымында Тойота Prado автокөлігі мен Тойота Камри автокөлігі соғылды. Оқиғада, өкінішке қарай, Тойота Камри автокөлігінің жүргізушісі қайтыс болды», – деді Ескелді аудандық Полиция басқармасы патрульдік полиция тобының инспекторы Нұрсейіт Әбдірахманов.

Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жолаушысымен бірге аудандық ауруханаға ауыр дене жарақаттарымен жеткізілді.