Өрт сөндірушілер баспалдақ бойынша 8 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 1 бала бар
Қайғылы оқиға Ломов көшесі, 167 мекенжайы бойынша орын алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кезекшілік бөліміне бесінші қабатта өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 01.20-да келіп түскен.
«Бір бөлмелі пәтерде диван мен үй заттары, жалпы алаңы үш шаршы метр жанған. Құтқарушылар бесінші қабатқа арнайы сатымен көтерілді. Пәтердің ішінен 1964 жылғы әйел адамның денесі табылды», – дейді департаментте.
Өрт сөндірушілер баспалдақ бойынша 8 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 1 бала бар. Пәтердің ішін ыс басып кеткен.
Тілсіз жау сағат 01.43-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Оқиға орнында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мен медицина апаттары орталығынан 17 қызметкер мен бес техника жұмыс істеді.