Алматы полициясы үш адамды қасақана қаққан көліктерді тәркіледі

Департамент полиции Алматы
Департамент полиции Алматы
Toyota Camry көлігінің жүргізушісі 1995 жылы туған А. есімді азамат қолға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тергеу департаментінің мәліметінше, қос көлік тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелген. Сақшылар тиісті сараптама тағайындап, машиналарды арнайы зертханада тексеріп шыққан. Нәтижесінде ақ түсті Toyota Camry мен қара Toyota Avensis көлігінен де соқтығысу белгілері анықталыпты. Сондықтан көліктер қылмыс құралы ретінде тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, кеше таңғы 05.00 шамасында Бостандық ауданында осы екі көліктің жүргізушісі бірнеше адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен еді. Соның салдарынан соққы алған екі адамның миы шайқалып, тағы біреуінің аяқ-қолы сынып ауруханаға жеткізілген. Ал көп ұзамай адамдарды аяусыз таптап өткендердің бірі қолға түсіп қамауға алынды. Ол 24 жастағы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны екен. Қазір қара көлікті тізгіндеген екінші бұзақы іздестіріліп жатыр. Полицейлер оны табу сөз емес дейді. 

Айта кетсек, бастапқыда күдіктілердің үстінен «бұзақылық», «адамдарды қасақана қағып кету» және «жол көлік оқиғасы болған жерден қашып кету» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ тергеу барысында олардың әрекеттері «адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қайта сараланды. Бұл бап бойынша, он бес жылдан бастап өмiр бақи бас бостандығынан айыруға жазасы көзделген.

Новости партнеров