Кәсіпкердің 57 млн теңгесін ұрлаған атыраулық азамат іздестіріліп жатыр
stan.kz
Күдіктінің оң қолында орта және сұқ саусақтары жоқ, көзілдірік киюі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбе облысында кемпинг қожайынының қомақты қаражатын ұрлап кеткен күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.
Өңірлік полиция департаменті Атырау облысының тумасы Фархад Ғаббасовты іздестіріп жатыр. Ол өткен жылдың қараша айында Қобда ауданы, Жарсай-2 ауылының маңында салынып жатқан кемпингтен қомақты ақша ұрлады деген күдікке ілінген.
"Кемпинг қожайынына тиесілі 57 млн теңге ұрланды. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" бабы бойынша іс тіркелді. 42 жастағы Атырау облысының тумасы Ақтөбенің Алға қаласында тұрған", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінде.
Ақпаратқа сәйкес, күдіктінің денесінде операциядан кейінгі тыртығы бар. Оң қолында орта және сұқ саусақтары жоқ, көзілдірік киюі мүмкін.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
02.10.2026 10:15
Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған фестиваль өтті
01.10.2026 20:15