Ақтөбе облысының Сарысай – Хромтау аралығында жүк пойызы 25 ешкі мен қойды қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Ақтөбе облысының Сарысай – Хромтау аралығында болған. Жүк пойызының машинисі темір жолда жануарлардың болуына байланысты соқтығысуды болдырмау мақсатында шұғыл тежеуді қолданғаны айтылды.
Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған, пойыз 25 ешкі мен қойды қағып кетті. Оның 20-сы өлді.
"Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутқа созылған. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иесін анықтады. Ол Ақтөбе облысының 64 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.