Бұл жолы балаларын да "өзімен бірге ала кетпекші" болған
Ер адам тоғызыншы қабаттан секіріп, өзімен бірге төрт баласын да ала кетпекші болған, деп хабарлайды zakon.kz YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл - оның екінші мәрте өз-өзіне қол салмақ болған әрекеті. 19 сәуірде шамамен 19.30-да Қазыбек даңғылындағы биік үйлердің бірінде бір ер адамның өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенбекші екендігі туралы хабар түсіп, құтқару қызметінің қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетті, деп хабарлады Өскемен қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасындағылар.
"Оның бір апта бұрын суицид жасамақ болған 1992 жылғы азамат екені белгілі болды, содан кейін ШҚО ТЖД өрт сөндіру бөлімінің психологы оны райынан қайтарып, қауіптің алдын алды. Бұл жолы ол тағы да терезеден секіруге тырысып, балаларын да тастаймай, "өзімен бірге ала кетемін" деп елдің зәресін ұшырған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқару қызметінің қызметкерлері аумақты қоршап, ер адам құлаған жағдайда оны тосып алу үшін арнайы құралды құрды. Психолог ер адаммен сөйлесті. Ол масаң күйде болған, тұрмысының төмендігіне, отбасын асырауға мүмкіндігінің жоқтығына шағымданған", - дейді басқармадағылар.
Кейін ер адам құтқарушыларды, полиция мен дәрігерлерді пәтерге жіберуге келіскен.
Қазір отбасы Өскемен қаласының әкімдігіне жеткіліп, олармен мамандар жұмыс істеп жатыр. Ер адамның мұндай қадамға баруының себеп-салдары анықталуда.