Алматы орталығында атыс болды: күдіктілер ұсталды
Tengrinews.kz
Видео кадрларынан Gelandewagen көлігінің маңында ер адамдардың сөйлесіп тұрғаны көрінеді.
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Видеодан алынған кадр Алматы орталығында атыс болды, деп хабарлайды Тengrinews.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға 7 наурызда кешкі уақытта Бостандық ауданында болған. Instagram желісіндегі kris_p_brothers парақшасында оқиғаның видеосы пайда болды.
Видео кадрларынан Gelandewagen көлігінің маңында ер адамдардың сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Бірақ бірде оларға қолында тапаншаға ұқсас заты болған белгісіз біреу келеді. Артынша барлығы тарап кетеді.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, оқиға Сәтбаев пен Байзақов көшелерінің қиылысында болған. Полициядағылардың мәліметінше, екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10