Жүргізуші куәлігі болмаған: Алматыда ер адам баланы қағып, қашып кеткен

22.10.2019 21:02

Оқиға қазанның 19-ы күні «Шұғыла» ықшамауданында орын алған

Zakon.kz

Алматыда 7 жасар баланы қағып кеткен жүргізуші ұсталды. Оқыс оқиға 19 қазан күні «Шұғыла» шағынауданында орын алған. Әуесқой түсірілімнен жеткіншектің рұқсат етілмеген жерден жүгіріп бара жатып, көліктің астына түскені анық байқалады. Баланы қаққаннан кейін жүргізуші оны анасымен бірге ауруханаға жеткізіп, артынан ізін суытқан. Бірақ көп ұзамай Алматы облысы полициясының  қолына түседі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Ұсталған 31 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны болып шықты. Ер адам бұған дейін темір тұлпарды тізгіндеу құқығынан айырылғаны да белгілі болды. Оның үстіне жол апатын жасаған кезде міндетті техбайқау мен сақтандыру полисі болмаған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, көлік айып тұрағына қойылды. Наурызбай ауданының полиция басқармасы аталған іске қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.    

Теги: ДТП