Қытайда 4,9 балдық жер сілкінісі тіркелді

30.12.2021 15:40
Фото: ашық дереккөзден

Қытайдың батысындағы Цинхай провинциясының таулы аумағында бейсенбі күні таңертең 4,9 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қытайдың сейсмологиялық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның хабарлауынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша таңғы 05:30-да болған. Жер сілкінісінің ошағы Голмуд қаласынан (ҚХР, Цинхай провинциясы) 62 шақырым жерде 10 километр тереңдікте тіркелген. Бұл таулы жер саналады, теңіз деңгейінен 2,7 мың метр биіктікте жатыр. Голмуд қаласы Цинхай-Тибет тауларының ішкі аудандарында орналасқан. Қалада 200 мыңнан аса тұрғын бар. Әзірге зардап шеккендер туралы хабар түспеді.