Өткен тәулікте 12 табиғи өрт орын алды ​

03.08.2020 16:20

Қалыптасқан ыстық ауа райына байланысты республикада жоғары өрт қауіптілігі сақталады

Фото: ҚР ТЖК баспасөз қызметінен

Өткен тәулікте ағымдағы жылғы 2 тамызда республика бойынша 12 табиғи өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай, Павлодар облыстарындағы 2 орман өрті және Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы 3  дала жануы ТЖК бақылауында.

Бұдан басқа, өткен тәулікте Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы құрғақ шөптің жануы жойылды. Аталған өңірлерде дала жануының жалпы ауданы 3537 га, оның ішінде Ақтөбе облысындағы дала жануының ауданы айтарлықтай үлкен – 2 000 га, Батыс Қазақстан облысында – 1 394 га. Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.