Жер сілкінісінің магнитудасы MPV 4.3, ал тереңдігі 30 шақырымды құраған
13 маусым күні сағат 3.11 кезінде Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ге сілтеме жасап.
Сейсмикалық стансаның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматының солтүстік-шығысында 366 шақырым жерде - Қытай аумағында болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,5 болса, магнитудасы MPV 4.3, ал тереңдігі 30 шақырымды құраған.