Облыстық полицияның мәліметінше, жол оқиғасы «Алматы-Жетіген» тасжолының 33 шақырымында болған
Алматы облысында 2 көлік соқтығысып, 26 жастағы азаматша көз жұмды. Оқыс оқиға 17 наурыз Алматы-Жетіген тас жолында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бетпе-бет соқтығысқан LEXUS пен Лада автокөлігінің кесірінен ЛАДА аударылып түскен. Нәтижесінде 2 жүргізуші де ауыр жағдайда ауруханаға түсіп, 26 жастағы келіншек алған жарақатынан жан тапсырды. Ал, тағы 3 адамға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген. Куәгерлердің айтуынша LEXUS тізгіндеген 20 жастағы азамат жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Қазіргі таңда Алматы облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, мән жайды тергеп жатыр.