Жамбылда әйелі мен баласын бауыздап тастаған қаскөй жазадан құтылып кетті

sputniknews.kz
sputniknews.kz
Сот үкімімен 55 жастағы Байзақ ауданының тұрғыны ұзақ мерзімге емделуге жіберілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбылда әйелі мен баласын бауыздаған қаскөйге сот үкім кесті. Алайда өз шаңырағын ортасына түсірген 55 жастағы азамат жазадан құтылып кетті, деп жазды Sputnik.

Оның психикасында ауытқуы бар деп тапқан судья, қылмыскерді ұзақ мерзімге емделуге жіберді.

«Сараптамада  оның есі дұрыс еместігі анықталды. Оны сот қылмыстық жауапкершіліктен босатып, аталған қылмыстық істі қысқартты және қылмыстық кодекстің 93-бабының талаптарына сәкес аталған тұлғаны медициналы мәжбүрлі түрдегі шараны қолдану туралы қаулы етті», — деді судья Ләззат Ілиясова.

Сот залына сотталушы жеткізілмеді. Оның сенімді өкілі ретінде туысы қатысты. Жәбірленуші жақтан 52 жастағы марқұм әйелдің туған інісі келді. Ол бұл үкіммен келісетін тәрізді. Өйткені апелляциялық шағым түсірмейді. Белгілі болғаны, сотталған азамат ұзақ жылдан бері эпилепсиямен ауырған.

Уақытылы емделмегесін оның сырқаты асқынып, жүйкесі тозған. Дәрігерлерге қаралмаудың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Ал қанды оқиға былтыр қыркүйек айында болған. 55 жастағы Байзақ ауданының тұрғыны 30 жыл отасқан әйелі мен 29-дағы баласын бауыздап тастаған еді.


Новости партнеров