Қайғылы оқиға 26 ақпанда болған
Екібастұзда трактор аударылып, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 26 ақпанда болған.
«Қаладағы ЖШС бірінің 59 жастағы қызметкері К-700 доңғалақты трактормен аударылып кеткен. Алған дене жарақаты салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізіліп жатыр.
«Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада.