Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болып, үш бала жанып кетті
Фото: дереккөзден
Оқиға 19 ақпанда сағат 16.00-де болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбе облысындағы Оңтүстік айналма тасжолында Lada Largus көлігі жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көлікте болған үш бала өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық ПД мәліметіне сілтеме жасап.
Оқиға 19 ақпанда сағат 16.00-де болған.
"Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі жол бос екеніне көз жеткізбестен маневр жасамақ болып, DAF көлігімен (жүк көлігі) соқтығысты. Соқтығысқаннан кейін Lada жолдың оң жағындағы шұңқырға түсіп кетіп, сонда өртенген", - делінген хабарламада.
Көлікте 2007, 2009 және 2021 жылы туған үш бала жанып кеткені хабарланды. Жүргізуші аман қалған. Ол түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Қызыл алма мен жасыл алманың қайсысы ағзаға пайдалы
17.10.2026 12:37
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
16.10.2026 12:35