Нұр-Сұлтан қаласында автобуста жолаушымен төбелескен ер адам ұсталды

16.08.2019 15:42

33 жастағы ер адам салонда біреумен төбелесіп, бетіне газ баллонын шашып жіберген

фото из видео

Елордада жолаушылар автобусында бұрышты газ баллон шашып, төбелес шығарған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 33 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, оқыс оқиға 15 тамыз күні 10:00 шамасында №9 автобуста орын алған. Белгісіз ер адам автобус салонында біреумен төбелесіп қалып, бетіне газ баллонын шашып жіберген. Ал автобустан шыққаннан кейін ер адам қарсыласын бетінен бір теуіп, сол жерден қашып кеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Здравствуйте, вчера в автобусе #9 парень в красном устроил настоящее хулиганство. Он вообще неадекватный, распылял газовый баллончик прямо в салоне несмотря на то что там были дети, старики и беременные женщины, да досталось всем и даже взрослым, весь салон кашлял, потом подрался, вот немного удалось снять. Хотим чтобы его нашли правоохранителеьные органы.

Публикация от Принципиально Астана (@eto_astana_detka) 14 Авг 2019 в 11:01 PDT