Зілзала ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 29 қарашада Алматы уақытымен 23 сағат 47 мин 04 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 170 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.7. MPV тербелісі– 3.5. Тереңдігі – 5 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.