|
Jol
30.07.2024 | 10:43
286

Алматыда туннель мен жолайырыққа бұрылатын жолдар жабылады

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады

Алматыда туннель мен жолайырыққа бұрылатын жолдар жабылады elements.envato.com

Рысқұлов-Кудерин жолайырығындағы аумақта орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

30 шілде сағат 23:00-ден 31 шілде сағат 23:00-ге дейін Биянху көшесінен туннельдің соңына дейін оңтүстік бағытта Солтүстік айналма көшесінде, шығыс бағытта Рысқұлов даңғылынан жолайырыққа бұрылатын жолда және батыс бағытта Кудерин көшесіндегі жолайырыққа бұрылатын жолда көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Бұл аумақты Биянху және Соқпақбаев көшелерімен айналып өтуге болады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир